ТІЛМАШ, аудармашы-

lat: TİLMASH, aýdarmashy

сөзді бір тілден екінші тілге аударушы. Ресей империясы Қазақстанды өз құрамына қосып алғаннан кейін, қазақ халқының өмірінде Т-тар маңызды рөл атқарды. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардың алғашқы жартысында Т -тық міндетті татарлар, башқұрттар, орыстар атқарды. Ал XIX ғасырдың ортасынан бастап бұл қызметке қазақтар алына бастады. «Шашын шошқаның жон түгіндей үдірейте тікірейткен қалың бет, қарасұр қазақ тілмаш бағана танертең Жиреншенің қолынан бір топ кесек пұл және бір буда ұсақ ақша алған» («Абай аға»).